2017 – 2018 жж. маусымдық Ашық Ресей Чемпионатына Қазақстаннан Жамбыл облыстық «Айша бибі» су добы клубы» қатысқан. 2017 жылдың қазан айында басталған ойында жамбылдық клубы «Б» тобында өнер көрсетіп, 10 команданың ішінен кезекті 6 – орынды иеленді. Қатысушы командаларының құрамы және рейтингі бойынша Ресей Чеипионаты Еуропадағы ең мықты Чемпионаттардың бірі болып табылғандықтан бұл өте керемет көрсеткіш.
Команданы алдағы уақыттың жоспарында:
- Қазақстан Республикасының Чемпионатында 1 – орынды алу;
- Азия ойындары «Индонезия 2018» үштікке ену;
- Жастар арасындағы Азия Чемпионаты (Жапония) Үштікке ену;
- Клубтық командалар арасындағы Азия Чемпионатында 1 – орынға шығу;
«Айша бибі» су добы клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2011 жылдың 20 қаңтарында Жамбыл облысы әкімдігі және Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдауымен құрылды. Команда құрамы 100% «Айша бибі» су добы клубының спортшыларынан тұрады және Барлық спортшылар Жетістіктері де аз емес:
«Айша бибі» су добы командасы Қазақстан Республикасының су добынан бірнеше дүркін чемпионы, IV Жазғы Спартакиадасы Және IV Қазақстан Республикасының Жастар ойындарының алтын медалистері, Әлемдік Лига, Әлем Чемпионаттарының «Будапешт 2017» финалистері,Жастар арасындағы Азия Чемпионат жүлдегері;
Алдағы уақытта Клуб өз деңгейін көтеріп, жарыстарда тек жақсы жағынан көрсетіп, Қазақстан құрамасын Әлем алаңында биік шыңдардан көрсету.