Аягөздің еліктерін атқан қарағандылықтар ұсталды

0 0

Шығыс Қазақстан облысында елікті заңсыз аулаған қарағандылық екі азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заңсыз аң аулау фактісі Аягөз ауданында тіркелді. 25-ші ақпан күні 32 және 43 жасар қарағандылық қос азамат 5 елікті заңсыз атып алған. Келтірілген шығын көлемі 2,7 млн теңге.

«Полиция қызметкерлері ұсталғандардан  3 тұтас  елік пен   бөліктерге бөлінген еліктің етін және 12 калибрлі аңшы мылтығын тәркіледі», — делінген облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір заматтардың үстінен ҚР ҚК-нің 337-бабы, 4-тармағы  (Заңсыз аң аулау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Тергеу амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.