ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылдың 28 ақпаны күні сағат 08.59-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 105 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасты. Энергетикалық санаты — 9.4. MPV магнитудасы — 4.3. Тереңдігі — 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.