Қазақстандықтар мекенжай бойынша ХҚО-ға бармай-ақ тіркеле алады

0 2

Қазақстандықтар бұдан былай Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) бармай-ақ, мекенжай бойынша онлайн тіркеле алады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысовқа сілтеме жасап.

«25 ақпаннан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелуі» қызметін автоматтандырдық. Егер бұрын азамат мекенжай бойынша тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңбамен бірге (ЭЦҚ) өтінішті толтырып, бұдан кейін қолға түскен құжатты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ХҚО-сына апаратын.

Осылайша, жаңа мекенжай жеке куәліктің чипіне түсіп, аталған мәлімет ҚР ІІМ-нің базасына енгізілетін. Бірақ, осыдан бастап, өтініш Egov.kz порталына түскеннен кейін қолданушы ХҚО-ға бармайтын болды. Себебі, аталған мәлімет бірден ҚР ІІМ-нің базасында жаңартылады», — деді А.Тұрысов Фейсбуктегі парақшасында.

Оның айтуынша, кез келген қолданушы бұл жұмыстың нәтижесін 15 минуттың ішінде тексере алады. Ол үшін порталдағы «Мекенжайлық мәліметтерді тексеру» немесе «Мекенжай анықтамасын алу» қызметін пайдалану керек.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.