Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында бірқатар елді мекенді су шайып кеткен еді. Өзен-көлдерден алшақ орналасқан ауылдарға қауіп төндірген — еріген қар мен жауған жаңбырдан жиылған су болатын. Тасқынның алдын бөгеу үшін барлығы 19 техника мен 150 ден астам адам жұмылдырылды. 350 қап құм қаланып, 2 мың текше метр су шығарылған. Ағын судың бағытын бақылау үшін арнайы кезекшілік ұйымдастырылды. Көпірлер мен жолдарда қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Тасыған судан баспанасы бүлініп, зардап шеккендер жоқ. Тұрғындардың ағып кеткен азды – көпті тұқымдық астығын аудан басшылығы береміз деп отыр. Күннің күрт жылуына байланысты, қауіптің беті әлі қайтқан жоқ.Жердің тоңы ерімегендіктен, жаңбыр көп жауса тасқын қайта қайталануы мүмкін дейді жауапты мамандар. Жазық даладағы елді мекендерді су басуы – мұнда 1969 жылы болған, жарты ғасырдан кейін қайталанды дейді тұрғындар.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.