«Өлкетану» атты жаңа пәннің оқулығын кімдер дайындайтыны белгілі болды

0 1

БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова Қазақстанда мектеп оқулықтарын дайындайтын авторлар туралы мен жаңа оқу жылында енгізілетін «Өлкетану» пәні туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 «Бүгінде оқулық авторы деген мамандық жоқ. Сол себепті оқулық мазмұнын теориялық, ғылыми негіздеу үшін оларды дайындаумен ең бірінші ғалымдар айналысады. Өңірлердегі тәжірибелі мұғалімдер бұл жұмысқа атсалысады. Оқулық әрі ғылыми, әрі мектеп бағдарламасы талаптарына сай болуы үшін ғалымдар мен практик-мұғалімдер бірлесе жұмыс істесе жақсы нәтижеге жетуге болады деп санаймыз. Оқулық дайындауда ең басты шарт ол – мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарына сай келуі тиіс. Бұл салада деңгейі сай келетін, білікті мамандар жұмыс істейді», — деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге ол жаңа оқу жылында енгізілетін «Өлкетану» пәні оқулығының қалай әзірленетінін айта кетті.

«Бұл оқулық «Рухани жаңғыру» бағдарламасының алғашқы жылында сараптамаға келіп түсті. Әр облыс өз өлкесі туралы оқулықтың авторы болғандықтан, олар бұл оқулыққа өңірдегі қандай қасиетті жерлердің енуі керегін анықтайды. 20 сағатқа әр өңірдің географиясы, музыкасы, тарихы кіретінін айта кеткен жөн», — деді ол.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.