Бакуде наркодиспансерде өрттен 26 адам қаза тапты

0 0

Әзербайжан астанасы Баку қаласында наркологиялық диспансерде өрт шығып, 26 адам қаза тапты.

Тағы бірнешеуі жараланған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, жалынның тез таралуына ұйтқи соққан жел себеп болған екен.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.