Бүгін бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады

0 0

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шеткі солтүстік бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауып, қалған аумақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, шеткі солтүстікте жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, кей жерлерінде жел күші 15-20 м/с жаяу бұрқасын болады.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күші 15-20 м/с жетеді.

Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағаны облыстарында, түнде Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.