ВИЧ-пен ауыратынын жасырған әйел баласын да науқас етіп тынды

0 0

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны күйеуі мен туыстарынан ауруын жасырамын деп жүріп, жаңа туылған нәрестесіне кеуде сүті арқылы дертін жұқтырып алған, деп Sn.kz хабарлады.

2017 жылы ВИЧ инфекциясына шалдыққан төрт әйел баласын босанады. Олардың бірі нәрестесіне қауіпті дертін жұқтырып алған.

«Әйел өз баласына ауруды жұқтырды. Ол күйеуі мен анасына ВИЧ инфекциясына шалдыққанын айтуға қорыққан. Туыстарынан ауруын жасырып жүріп, баласын емізіп келген. Мұндай ауруға шалдыққан әйелдер бала тууға құқылы. Себебі қазіргі таңда профилактикалық шаралардың арқасында бұл аурудың анадан балаға берілуімен күресуге болады», — дейді Батыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес орталығының қызметкерлері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.