Әнші Әлішер Кәрімов пиар үшін Диора Романова есімді қызды пайдаланған, деп хабарлайды ZhambylNews.
«Ешқашан Әлішерге тұрмысқа шыққан емеспін. Арамызда ешқандай қарым-қатынас болған жоқ. Бұл – бұқаралық ақпарат құралдарына арналған пиар жоба еді», – деді Диора Ревю бағдарламасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Әлішер Кәрімов осы көктемде үйленетінін айтып, сүйіктісі ретінде халыққа Диора Романованы таныстырған еді.
Кейін екеуінің екі жаққа айырылысып кеткендерін мәлімдеді.