Былтыр еліміздегі белгілі кәсіпкер, отандық миллиардер Райымбек Баталовтың қызын алған әнші Шоқан Маратұлы қызу талқыға түскен болатын. Желі қолданушылары All Давай тобының әншісі отандық олигархтың байлағаны қарап қызын алды деп айыптаған болатын. Әнел Баталова дәл осы мәселеге қатысты нүкте қойып, күйеуінің әкесінің ықпалында емес екенін айтты, деп alashainasy.kz хабарлады.
Бұл туралы ол «Гәкку» арнасына берген сұқбатында айтып берді.
Бүгінде сәбилі болған жұлдызды жұп бір-бірімен қалай танысқанын, бір-біріне деген сезімін, сонымен бірге отбасылық бюджеті туралы да айта кетті.
Әнелдің айтуынша, Шоқан бүгінде қаржылық жағынан ешкімге тәуелсіз адам.
«Мені әкем лайық емес адамға тұрмысқа бермейтін еді. Шынымды айтсам, әкем мені күйеуге берді, болды. Яғни, мені толықтай күйеуім асырап отыр. Менің отбасыма тәуелді деген мүлдем жоқ. Иә, барлығымыз үлкен бір отбасы мүшелеріміз. Туыс болдық. Бірақ әркім өз өмірімен өмір сүреді. Күйеуім өз қалауымен жүріп-тұрады», — деді Әнел.
Ал Шоқан болса, әйеліне бір көргеннен көзі түскенін, бастапқыда оның ақылына назар аударғанын айтты.