Сапарбаев ақтөбелік анаға мереке қарсаңында естен кетпес тосын сый жасады

0 22

Бүгін ақтөбелік мың ананың құшағын гүлге толтырған Бердібек Сапарбаев ерекше тосын сый жасады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Алты ай бұрын Алматыға әскери борышын өтеуге кеткен ақтөбелік ананың кенжесін мерекелік кешке алдыртқан әкім қонақтарын таңғалдырды. Әскерге кеткен баласының сахнадан түсіп келе жатқанын көрген ана жылап жіберді.

Жергілікті әкімдіктің мұндай сыйынан сарбаздың анасы хабардар болмаған. Сахнадан баласының видио сәлемдемесін қарап отырған ана ортаға шақырылды. Ал сахнадан гүлмен түсіп келе жатқан баласын көрген анасы жүгіре жөнелді.

Баласын құшақтап жылай берген ана әкімге алғыс айтумен болды. Әскерде жүріп, мерекесі қарсаңында анасының қасына топ ете қалған сарбаз да тосын сый туралы бүгін ғана естіген.

«Менің қуанышымда шек жоқ. Мерекеде анамды құшақтадым. Бұл мен үшін де күтпеген сый. Бүгін командир шақырып алып хабарлады. Мен Алматы облысы Қапшағайда алты айдан бері әскери борышымды өтеп жатырмын. Бізді қуантқан адамдарды Алла қуантсын», — дейді сарбаз.

Дереккөз: nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.