Қазақстандықтар бүгіннен бастап БАӘ-ге визасыз бара алады

0 0

ҚР СІМ Қайрат Әбдірахманов 2017 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне барлық төлқұжат түрлерімен визасыз қатынау жөніндегі келісім жасалғанын мәлімдеген болатын. Аталған құжатты БАӘ барлық әмірліктері мақұлдаған.

Сонымен қазақстандықтар аталған елде 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Ал ол мерзімнен асып кетсе айыппұл төлейді. Айыппұл көлемі жергілікті заңнамаға сәйкес, бірінші күні 200 дирхам, ал одан кейінгі күндер үшін 100 дирхам болып белгіленген. Визасыз режим кезінде келіссөздер мен кездесулер өткізуге рұқсат етілген. Алайда, бұл жұмыс істеу мақсатында көзделмеген.

Дереккөз: egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.