Жақын арада қай аймақтардың газбен қамтылатыны белгілі болды

0 10

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған бес бастаманы атап өткен болатын. Бесінші бастама елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыруға бағытталған еді.

ҚР Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев Primeminister.kz-ке берген сұхбатында осы тапсырманы орындау барысы қалай жүргізілетінін және жақын арада қандай аймақтар газбен қамтамасыз етілетінін айтып берді.

— Мемлекет басшысы палаталардың бірлескен отырысында еліміздің солтүстік өңірін бір – бір жарым жылдың ішінде газдандыру туралы тапсырма берді. Жобаларды іске асыру қандай сатыда тұр?

— Астананы, еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газдандыру мақсатында газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы» жобасының ТЭН әзірледі. Оған «Мемсараптама» РМК оң тұжырым жасады.

Қазіргі таңда «ҚазТрансГаз» АҚ 2018 жылдың маусым айында мемлекеттік сараптамадан өткізгеннен кейін іске қосу жоспарланған, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр.

— Бұған дейін Астана қаласын газдандыру ЕҚҚДБ-дан алынатын қарыз қаражаты есебінен басталатыны туралы хабарланған болатын.

Жобаны жүзеге асыруды бастау үшін барлық қажетті рәсімдер жүргізілді ме?

— Бүгінде мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен аталған жобаның 1-кезеңін іске асыруға қатысты мәселелерді пысықтауға байланысты, соның ішінде ЕҚҚДБ, ЕАДБ секілді халықаралық қаржы институттарынан, сонымен қатар ҚДБ мен басқа да көздерден қаражат тарту арқылы тиісті шарттар мен қаржыландыру схемасы бойынша жұмыс тобы құрылуда. Осы жылдың маусым айына дейін қаржыландыру мәселелерін шешу және шілде айының басында магистральді газ құбырының алғашқы торабын дәнекерлеудің салтанатты рәсімін өткізу жоспарланып отыр.

— Газ құбырын салудың нақты мерзімін атап өтсеңіз?

— Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ ақпаратына сәйкес, жобаны қаржыландыру басталғаннан кейін «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағыты бойынша магистральді газ құбырының 1-кезеңі бір жыл ішінде жүзеге асырылады деп көзделген.

— Жобаның болжалды құны қандай?

— «Сарыарқа» магистральді газ құбырының 1-кезеңінің құны 267,3 миллиард теңгені құрайды.

— Газдандыру Астананың экологиясына қалай әсер етеді?

— Жобаны жүзеге асыру жыл сайын ЖЭЦ – 1,2,3 су жылытатын қазандарында жағылатын көмірдің орнын алмастыру арқылы Астана үшін әлеуметтік-экономикалық жағынан пайдалы әсерін тигізеді.

Қысқартудың ықпалы жылына – 36,1 мың тонна ластаушы заттар шығарындылары (күкірт диоксиді, көміртек тотығы, азот диоксиді, азот тотығы, қатты бөлшектер) болады. Сондай-ақ, халық көмірдің орнына табиғи газды пайдалануды жөн санайды деп есептейміз, өйткені газды отын ретінде пайдалану – еңбекті аз талап етеді әрі салыстырмалы түрде ыңғайлы.
Дереккөз: tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.