Қарағанды шахтасындағы өрттің болжалды себептері аталды

0 21

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко шахтасындағы өрттің болжалды себептерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өрттің шығу себебі табиғи құбылыспен байланысты болуы мүмкін», — делінген компания хабарламасында.

  Қазіргі уақытта Костенко шахтасы тіршілікті қамтамасыз ету режімінде жұмыс істеп жатыр. Алынған сынамалардың сараптамасы апаттық аумаққа жарылыс қаупі төніп тұрмағанын көрсетті. «Оқиға бақылауға алынды және үнемі қадағалануда. Қазіргі уақытта өрт ошағын оқшаулау жұмыстары жалғасып жатыр. Көп кешіктірмей компанияның жауапты қызметтері апатты аумақта қауіпсіз жұмыс істеу бойынша шараларды әзірледі. Жүргізіп жатқан мониторинг пен сараптама негізінде алдағы іс-әрекеттер бойынша шешім қабылданады», — делінген хабарламада.

   Өрт ошағын оқшаулау бойынша барлық жұмыстар қауіпсіз режімде жүргізіледі және жұмысқа тартылған адамдардың өміріне еш қауіп төндірмейді.

Сондай-ақ, компанияның хабарлауынша, уақытша жұмысы тоқтатылған Костенко шахтасындағы жұмысшылардың бір бөлігі өзге шахталарға жіберіледі және қалған жұмысшылар апат салдарын жоюға жұмылдырылады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.