Аль-Шарджидан Ыстанбұлға бағыт алған Түркия ұшағы Иранның оңтүстік-батысындағы Шахрекорд қаласына жақын маңда апатқа ұшырады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Иран апаттық-құтқару қызметінің өкілі Моджтаба Заледидің журналистерге хабарлауынша, түріктің жеке меншіктегі ұшағы Иранның оңтүстік-батысында Киар қаласы жанындағы тауға соқтығысқан.
Алдын ала деректерге қарағанда, ұшақ бортында 11 жолаушы болған. Оқиға орнына құтқарушылар тобы аттанды.