Атыраулықтар ШҚО-ға гуманитарлық көмек жинап жатыр

0 3

Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бастамасымен ШҚО-да су деңгейінің көтерілуінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинайтын штаб құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтағы мемлекеттік қызметшілер де бастамаға үн қосып, зардап шеккендерге қаржылай көмек аударуға ниет білдіріп отыр.

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Роллан Құспанның айтуынша, дүйсенбі, 12 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау үшін жастар ресурстық орталығы базасында штаб құрылды.

«Бұл бастаманы барлық жастар ұйымдары қызу қолдады. Гуманитарлық көмек 19 наурызға дейін жиналады. Содан кейін Шығыс Қазақстан облысына жөнелтеміз. Біздің еріктілеріміз де су тасқыны болған жерлерге барып, қолдарынан келетін көмектерін көрсетуге ниетті, — дейді Роллан Құспан.

Сондай-ақ, Атырау облысы әкімі аппараты мен басқармалар су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек жинап жатыр. Мемлекеттік қызметшілердің бір күндік еңбекақылары арнайы есепшот ашылғаннан кейін су тасқынынан зардап шеккендердің есепшоттарына аударылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.