Алматыда жатақханалардың бірінде өрт шығып, 230 адам эвакуацияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
12 наурызда сағат 23.16-да Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегі «101» пультіне Бостандық ауданы, Габдуллин көшесі, 2-үйде өрт шыққаны жайлы хабар келген. «Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минуттан соң барды, яғни, сағат 23.22-де.
Төртінші жатақхананың 3-қабатындағы бөлмелердің бірі өртеніп жатқаны анықталды. 230 адам эвакуацияланды», — деп хабарлады Сандуғаш Баймұхамбетова.
Өрттің аумағы — 18 шаршы метр. Өрт өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін ауыздықталды.
Өртті сөндіру мақсатында жатақхана қызметкерлері өрт сөндіру крандарын қолданды.