Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан əкімі Б.Қазанбасов айтты, деп zhambylnews.kz хабарлайды.
2017 жылы «Агробизнес» бағдарламасы бойынша жылдық тапсырма артығымен орындалып, бағдарлама аясында 746 бас ірі қара малы, 1 467 бас ұсақ мал, 294 бас жылқы сатып алынды және 17 ұңғыма қазылды.
Ауданда 25 ауылшаруашылық кооперативтері құрылған, оның 4-і сүт және ет бағытында, 13-і егін және мал шаруашылығы, 6-ы таза егін шаруашылығы және 2-і жеміс-жидек өнімін өндіруге бағытталған.
2017 жылы 39 709,2 тонна сүт, 4 826,2 тонна ет, 27 млн. 843,5 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда сүт 100,5 пайызға, ет 101,2 пайызға, жұмыртқа 4,3 есеге артық орындалды. Жұмыртқа өсімінің басты себебі, Көлқайнар ауылдық округі аумағынан ашылған «Аса-Даму» серіктестігінің құс фабрикасы іске қосылуына байланысты артып отыр.