Елбасы Александр Колядинге құттықтау жеделхатын жолдады

0 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев XII қысқы Паралимпиада ойындарында алтын медаль иеленген шаңғышы Александр Колядинді құттықтады, бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл жарқын жеңіс Қазақстанның миллиондаған жанкүйеріне қуаныш сыйлап, еліміз үшін мақтаныш сезімін ұялатады. Сенің жетістігің Қазақстан спортының тарихына еніп, өскелең ұрпаққа лайықты үлгі болары сөзсіз», – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті спортшыға зор денсаулық пен амандық тілеп, спортта жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.