Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек батыста, оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын және жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ, күндіз кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман түседі.
Дереккөз: Baq.kz