Шымкенттің балалары шомылу маусымын бастап жіберді. Бүгін «Қошқар ата сейілі» фестивалі барысында жеткіншектер өзенге түсіп, мәз-мейрам болды.
Биылғы көктемнің алғашқы күндері жаздың ыстық күніндей болып тұр. Бүгіннің өзінде ауа райы 26 градусқа дейін жылыды. Ағаштар ерте гүлдеп, жұрт шомылу маусымын наурыздың алғашқы күндерінде-ақ бастап жіберген болатын. Әсіресе қала ішінен өтетін «Қошқар ата» өзеніне барып, шомылушылар қатары көбейген.
Наурыз мерекесін атап өту кезінде де жеткіншектер жәй қыдырумен шектеле қоймады. Олар өзеннің салқын суына шомылып, бойларын сергітіп алды. Синоптиктер алдағы демалыс күндері 29 градусқа дейін ыситынын болжауда. Алдағы аптада жауын-шашынды күндер болады деп күтілуде.
Дереккөз: inform.kz