Алматыда музыкалық олимпиада өтеді

0 0

Алматыда 28 наурызда биыл дәстүрлі музыкалық олимпиада басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл 10-жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған байқау Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 1 ай көлемінде  өтеді.

«Бұл байқауда музыкалық білім алып жатқан 500-ге тарта студент өнердің 7 бағыты «аспапта ойнау», «дирижерлік (хор)», «вокал өнері», «дәстүрлі музыкалық өнер», «композиция», «арт-менеджмент», «музыкалық білім» бойынша бақ сынасатын болады»,- деді консерваторияның баспасөз қызметінен.

Құрманғазы атындағы Ұлттық консерватория мен Қазақ Ұлттық Өнер институтының мамандары кірген қазылар алқасы жастардың өнерін бағаламақ.

Музыкалық олимпиада екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар көрермен алдында өнерін көрсетсе, екінші кезеңде әлемдік және ұлттық өнер мен мәдениет туралы тестілік сұрақтарға жауап беріп, білім деңгейін көрсетеді.

Жеңімпаздар ҚР БҒМ дипломдарымен, ҚР Тұңғыш президенті қорының бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

2018 жылғы музыкалық олимпиада тапсырмаларының негізіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы қоғамдық сананы жаңғырту идеялары еніп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.