Көкшетауда ер адам 5-қабаттан секірмек болды

0 0

Көкшетауда 38 жастағы ер адам 5 қабатты тұрғын үйдің шатырынан секіріп кетпек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицейлердің дерегі бойынша, кеше таңертеңгі сағат 09:30 Көкшетау қаласындағы Құдайбердиев көшесінің бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдің шатырында  белгісіз ер адамның тұрғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына  дереу жеткен учаскелік инспектор мен жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ер адамды жерге түсіріп, жедел жәрдем қызметіне тапсырды.

«Ер адам 1980 жылы туған. Үйленген, Краснояр бағытындағы саяжайда тұрады. Төрт күн бойы тоқтаусыз ішімдік ішкен. Ол көпқабатты тұрғын үйдің шатырына шығып, секіріп өлмек болған. Оқиғаның нақты себебі  белгісіз», — деді баспасөз қызметінің хатшысы Гүлнəр Пинчук.

Ер адам оқиғадан кейін Ақмола облысының психиатрикалық ауруханасына жатқызылды.

Еске сала кетсек,  18 наурыз күні елордада өлімге бас тігіп, көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған ер адам құтқарылған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.