Жоғарғы сот «Түнгі соттар» жобасын жүзеге асыруды қарастыруда

0 0

Қазақстан Республикасы Жоғары сотының судьясы Ұлбосын Сүлейменова Facebook парақшасында Жоғарғы сот Сингапур тәжірибесімен «Түнгі соттар» жобасын жүзеге асыруды қарастырып жатқандары туралы жазды.

Судья Сингапур соттарының жұмыс тәжірибесіне сүйеніп, «Түнгі соттар» жобасының жүзеге асырылуы туралы мәселе талқыланып жатқаны туралы жазды.

«Құқық бұзушы кінәсін мойындаған жағдайда, келтірілген зиян көлемімен келіскен және екі жақ тарап та істі жұмыстан тыс уақытта қарауға келіскен жағдайда әкімшілік істер түнгі уақытта, мысалы 19.00-22.00 аралығында қаралуы мүмкін», — дейді ол.

Оның айтуынша, белгіленген уақыт аралығында жол-көлік оқиғасы, жол ережесін бұзу жағдайы, отбасылық-тұрмыстық өмірдегі қарама-қайшы әрекет, көші-қон саласында заң бұзушылықтар сияқты сала бойынша іс қаралуы мүмкін.

«Бұл уақытта жоғарыда аталмаған тағы басқа қандай саладағы істі қарауға болады деп ойлайсыз? Сіздердің пікірлеріңізді күтеміз», — деп жазды Ұлбосын Сүлейменова.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.