29-31 наурыз аралығында циклондар мен антициклондар Қазақстан аумағы арқылы қатты жылдамдықпен жылжиды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Осыған байланысты, елімізде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашыны жиі болып тұратын тұрақсыз ауа-райы сақталады.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, оңтүстік бөлігінде найзағай аралас жаңбыр, солтүстігінде ылғалды қар, тұман және көктайғақ күтіледі.
Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы бұрынғыша климаттық нормадан жоғары, тек солтүстік аудандарда температура 2-3°С нормадан төмен болады.