Семей әкімі Ермак Сәлімов Ертіс өзеніндегі жарылыс салдарынан болған залалды өз мойнына алды, деп хабарлайды 31 арна.
Әкім Ертіс өзенінде жасалған жарылыс салдарынан келген залалдың орнын толтыратыны туралы уәде берді. Ол биліктің бұдан басқа амалы жоқ екенін атап өтті. Қала басшысының сөзінше, өзендегі мұз сеңі арнасынан асып, үйлерді қиратуы мүмкін еді.
Қатты толқыннан пәтерлері зардап шеккендер жарылыс жұмыстарына дайындық болатыны алдын ала ескертілмегенін айтады. Десе де, олар жарақаттанбаған. Терезесіз пәтерлерінде -7 градус температурасында қонуға тура келген.
«Бізде бір әйнек пен балкон болды, жақтауларында сызат қалды. Барлығы көшеде жүрген соң мен де көшеге шықтым. Тек сыртқы әйнектер сынды, ал басқа көршілердің үйі азынап тұр», — деді жарылыстан үйі зардап шеккендердің бірі Айдана Рахмағұлова.
Еске сала кетсек, Ертіс өзенінде жасалған жарылыстан соң қатты толқыннан Сәтпаев көшесіндегі бірнеше үйдегі 380-ге жуық пәтердің әйнегі сынған болатын.