Тараз кинотеатрлары өртке қарсы қауіпсіздік  эстафетасын жолдады

0 1

Тараздағы «Астана Park» кинотеатры өрт  кезіндегі қауіпсіздікке байланысты кино сеансы барысында оқу-жаттығу өткізді. Бұл жайында кинотеатр басшысы өзінің Instagram парақшасында жазды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

30 наурызда «Астана- Parк» кинотеатрында Қазақстан ТЖК өкілдері қатысқан жоспардан тыс өрт сөндіру жаттығулары  өтті. Дабыл бірден қағылып, күзетшілер жасағы 2 минутта, ал өрт сөндірушілер 4,5 минутта жетті. Кинотеатрдан 3 минут ішінде 160-тан астам адам эвакуацияланды. Бұл жаттығулар келушілерге төтенше жағдай кезінде ғимараттан шығу жолдарымен танысу үшін ұйымдастырылған.

«Айта кететін жайт, біздің кинотеатрда өрт сөндіру жабдықтары, төтенше жағдай кезінде шығу жолдары бар. Сондай-ақ барлық қызметкерлер төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етуге дайындықтан өткен. Біз көрерменге ыңғайлы жағдай жасау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасап отырамыз. Келушілердің ұсыныстары мен сұрақтарына әрдайым ашықпыз» — деді кинотеатр басшылығы.

Ресейдің Кемеров облысындағы қайғылы жағдайдан осындай қауіпсіздік шарасын өткізген кәсіпкер еліміздегі барлық кинотеатр басшыларына эстафета жолдады.
«Біз бұл эстафетаны Қазақстанның барлық кинотеатрларына жолдаймыз, әрқайсысы жұртшылық пен өз келушілеріне есеп берсін!» — делінген хабарламада.

Дәл осы оқиғаға байланысты еліміздің барлық аймағындағы ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары мен оқу орындары  2-сәуірден бастап жоспарсыз тексерілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.