Елбасы: Кемероводағы қайғылы оқиғадан сабақ алуымыз керек

0 3

Кемероводағы қайғылы оқиғадан кейін қорытынды шығаруымыз қажет. Бұл туралы елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, —  деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Кемероводағы оқиғалардан кейін біздің барлығымызға барынша байыпты қорытынды шығару қажет. Қазір менің тапсырмаммен барлығы тексеріліп жатыр. Қызыл әтеш шоқымайынша бізде ештеңе жасалмайды. Барлық жерде тексеру болуы қажет. Қараңыздаршы, айдың күннің аманында қаншама адам көз жұмды», — деді Елбасы.

Осы ретте, Мемлекет басшысы үлкен сауда орталықтарының балаларға арналған ойын алаңдары төменгі қабатта болуы тиістігін ескертті.

«Қазір қарап отырсам, кәсіпкерлердің барлығы өздерінде бәрі жақсы екендігін дәлелдей бастапты. Бірақ, істі әсіресе барлық сауда ойын-сауық орталықтарын тексерумен жабу қажет. Осы балалар алаңдарын ең жоғары қабатқа салудың қажеті қанша? Жоғарыда сауда-саттық болуы тиіс қой. Алдағы уақыттағы құрылыс барысында үлкен жобалар үшін осындай міндет жүктеу керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Біздің Telegram-парақшамызға  Жазылыңыздар!

Leave A Reply

Your email address will not be published.