Алматы қаласында 9-сыныптың оқушысы Арайлым Жұматаева іздестіріліп жатыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Айнұр Нығыманова есімді Facebook желісінің қолданушысы мәлім етті.
«Алматыда 9-сыныпта оқитын, 15 жастағы қыз жоғалып кетті. Оның аты-жөні – Арайлым Жұматаева. Оның үстінде қара-көк түсті мектеп формасы мен сұр плащ болған. Өзімен бірге ол қоңыр түсті рюкзагын алған», — делінген желіде тараған хабарламада.
Жоғалған қыз туралы ақпарат білетін азаматтар келесі нөмірлерге хабарласа алады: 87026822755, 87759294643, 87021999080.