Жамбыл облысында биыл электронды денсаулық паспорты енгізіледі

0 5

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Жұманқұлов айтты,- деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Тағы бір жаңалық. Денсаулық сақтау саласы биылдан бастап қағазсыз жұмыс процесіне көшуді бастайды. Жамбыл облысында бұл жұмыстар маусым айынан басталады деп жоспарлануда.

Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасындағы талаптарды орындау мақсатында мекемелерді интернет желісімен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 40 мекеме ғаламтормен жабдықталып, 64,4 пайыз қамтылды. Медициналық мекемелерге 1178 компьютер қажет болса, биыл 1013 компьютер сатып алу жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.