Павлодар облысындағы халық саны 755 мыңға таяды

0 56

2018 жылғы 1 наурызда Павлодар облысы халқының саны 754,6 мың адамды құрады. Қала халқы — 533,4 мың адам (70,7%), ал ауыл халқы — 221,2 мың адам (29,3%).  Бұл туралы облыстық Статистика департаменті мәлім етті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА pavlodarnews.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

«2017 жылғы төртінші тоқсанындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 89968 теңгені құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5,3%-ға артық көрсеткіш. Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай табыстары 2,8%-ға төмендеді.Сонымен қатар, қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 146,1 мың теңгені, немесе 2016 жылдың сәйкес тоқсанына 109%-ды құрады. Нақты жалақы индексі — 100,6%. Жалдамалы қызметкерлер ретінде 199,7 мың адам тіркелді, — дейді департаментте. Айта кетейік, 2017 жылғы төртінші тоқсанда жұмыс күшінің саны 413,1 мың адамды немесе 15 жас және одан жоғары жастағы халық санының 70,6%-ын құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде 2018 жылғы наурыздың соңына 4,8 мың адам тіркелді. Бұл жұмыс күшінің 1,2%-ға тең.

Leave A Reply

Your email address will not be published.