Вакцинация — қолжетімді медициналық қызмет

0 3

Денсаулық сақтау саласындағы ешбір шара — вакцинация секілді өлім санының азаюына себепкер болмаған. Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Берік Жарқынбеков мәлімдеді, — деп хабарлайды “Zhambylnews” AA.

«Бүгінгі таңда аурулардың алдын алу жолындағы денсаулық сақтау саласының негізгі бағыты – вакцинация. Иммундау арқылы ауралардан қорғану көптеген жылдар бойы белгілі. Вакцинация ең тиімді, қол жетімді медициналық қызмет болып саналады», — деді басқарма басшысы.

Вакцинациялаудың тиімді бағдарламаларының нәтижесінде облыста көптеген екпемен басқарылатын инфекциялар айтарлықтай азайды: полиомилит мүлдем жойылып; 2003 жылдан бері дифтерия сырқаттанушылығы тіркелмеген, қызамық, қызылша, эпидемиялық паротит, көкжөтел, сіреспенің тек бірыңғай жағдайлары тіркелуде; «А» және «В» вирусты гепатитімен ауыру 60 есе төмендеген.

Елімізде вакцинациялау жұмыстары мемлекеттік бюджет есебінен ақысыз түрде жүргізілетіндіктен, қазіргі таңда 21 инфекцияға қарсы екпе егіледі.

Қазақстан Республикасында тек мемлекеттік тіркеуден өткен, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған вакциналар пайдалынады.

Облыс тұрғындарына вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігін түсіндіру жұмыстары, иммундауға оң көз қарас қалыптастыру, Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес алдын ала екпе салудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.
Барлық медициналық мекемелерде арнайы мамандардың қатысуымен ашық есік күндері ұйымдастырылып, қауырт желілері жұмыс жасайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.