«Қазақтелеком» үй Wi-Fi-роутерінің осалдығына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ желісінде қауіпсіздікке қатысты қандайда бір ақаулар жоқ. Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де клиенттердің байланыс орталығына немесе әлеуметтік желі арқылы құрылғылардың қызмет көрсетпеуіне немесе ақау бары туралы жаппай шағым түскен жоқ. «Қазақтелеком» АҚ әрдайым қауіп-қатердің алдын алу мақсатында сараптама жүргізіп отырады. Қазіргі уақытта қандайда бір қауіп-қатер жоқ, барлық қызметтер мен сервистер штаттық режимде жұмыс істеп тұр», — деді «Қазақтелеком» АҚ қоғаммен байланыс қызметі.
Beeline компаниясы GPON технологиясын пайдаланбайтынын, оның орнына FTTB қолданатындарын мәлімдеді.
Осыған дейін «Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Олжас Сатиев қазақстандықтарға үйдегі Wi-Fi-роутерінің осалдылығын қалай анықтауға болатынын айтып берді. Оның айтуынша, көптеген абоненттердің құрылғылары тәуекел аймағында тұр, себебі көптеген адамдар бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартпайды екен.
1 мамырда KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі миллиондаған GPON Home маршрутизаторында RCE қауіп барын хабарлады. Миллионнан аса Wi-Fi-роутер аутентификацияны айналып өту арқылы қашықтықтан қолдануға мүмкіндік береді екен.