Назарбаев кімдерге әскери және арнаулы шен берді

0 16

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жоғары әскери және арнаулы атақтар, біліктілік сынып және сыныптық шендер беру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми парақшасына сілтеп, «Zhambylnews» AA хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, генерал-лейтенант әскери атағы Талғат Жеңісұлы Жанжұменовке берілді. Сондай-ақ, ұлттық қауіпсіздік генерал- лейтенант арнайы дәрежесін Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбековке, Марат Сапарұлы Өсіповке алды. Ал сыртқы барлау генерал-губернатор арнайы лауазымына Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов тағайындалды.

Сонымен қатар, екінші дәрежелі Әділет кеңесшісі сыныптық шені – Ерлік Әбдікәрімұлы Кененбаевке берілсе, генерал-майор әскері атағын Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров, Ұлықбек Ташқышұлы Әбікеев, Дмитрий Владимирович Бочаров, Серік Бақытжанұлы Ізтілеуов, Арман Зарлыкұлы Қалиев, Қайрат Рашидұлы Копбаев алды. Сондай-ақ авиация генерал-майоры әскери лауазымы Евгений Евгеньевич Подгайскийге берілді.

Президент ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнайы атағын Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев пен Сабыржан Ибрахимұлы Ұнғарбаевқа берді. Сыртқы барлау қызметінің генерал-майоры арнайы атағы Нұрлан Оразұлы Оразовқа, ал полицияның генерал-майоры шені Махамбет Қайыржанұлы Әбісатовақа, Арманбек Хакімбекұлы Баймұрзинге, Мұрат Талапұлы Қабденовке, Жанат Қуанышұлы Сүлейменовке берілді. Сонымен қатар, үшінші дәрежелі әділет кеңесшісі сыныптық шені Болат Бекназарұлы Дембаевқа және Азамат Сембайұлы Жылқыбаевқа тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.