«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде өзекті мәселелер қаралды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Қазіргі таңда, облыс бойынша кіші және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен салық және басқа да төлемдер көлемі жалпы түсімнің 35,1 пайызын, ал жергілікті бюджеттің 56,0 пайызын құрайды.
«2018 жылдың 5 айында осы саладан мемлекеттік бюджетке түскен түсім 12,8 млрд.тенге құрады. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының кезекті рет жаңартылған салық кодексі қолданысқа еңгізілді және бұл салық кодексі бизнес – қоғамдастықтарымен тығыз байланыста сарапталып жасалды», – деді Құлмұханбет Мырзахметұлы.
«Бүгінгі таңда, атқарушы билік органдары тарапынан жасалатын орынсыз тексерулер қатары азайды. Бұл арада партия бастамалары мен жергілікті прокуратура органдарының заң талаптарының орындалуына бақылау жасау мақсатындағы жоспарлы жұмыстарын атап өтуге болады. Сонымен қатар, партияның облыстық филиалы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес бұл мәселені өз назарында тұрақты түрде ұстап келеді, – деді Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес төрайымының орынбасары Нариман Мәуленов.