Келімбетов: 2020 жылдың соңына дейін АХҚО-ына 500 астам компания тіркеледі

0 0

Астана халықаралық қаржы орталығының алдағы ресми ашылуы туралы Қазақстан елордасының 20 жылдығын атап өту қарсаңында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында үш жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары іске асыру және Биржаны іске қосу туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов айтты, деп — хабарлайды «Zhambylnews» AA primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

«20 жыл ішінде Астана ірі саяси, дипломаттық, мәдени орталық ретінде қалыптасты. Қала әрі қарай дамуы үшін қаланы дамытудың көптеген жоспарлары бар. Үш жыл бұрын Мемлекет басшысы Халықаралық қаржы орталығын құру қажеттігі туралы айтты. 2015 жылы бұл идея алғаш рет айтылды, 2015 жылдың соңына қарай Парламент АХҚО құру туралы заңды мақұлдады. 2017 жылдың наурыз айында Конституцияға тиісті өзгерістер енгізілді», — деді АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов.

Қ. Келімбетовтің айтуынша, өзгерістер қаржы саласында қаржыны реттеу және корпоративтік басқару саласында әлемнің ең үздік тәжірибелеріне сәйкес келетін арнайы құқықтық реттеушілік режим құруға мүмкіндік береді.

АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі жетекші орталықты қалыптастыру болып табылады. Алғаш рет посткеңестік кеңістікте ағылшындық құқық қағидаттары енгізіледі. Қаржы орталығының ресми тілі ағылшын тілі болады. Міндеттері — қаржы қызметтері саласында инвестиция үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпал ету, ҚР құнды қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарығымен кірігуін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, АХҚО сақтандыру, банк қызметтері нарығы мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниетті.

«АХҚО тікелей жауапты саласына Ұлт жоспарының 24,70,71,72,73 қадамдары жатады. біз басынан бастап-ақ оларды бір жағынан бағдар ретінде, екінші жағынан, іс-әрекетке көшудің нақты нұсқаулығы ретінде қабылдадық. Біз әрбір бағыт бойынша өз жұмысымыздың түпкі мақсатын айқын көрдік және бұл бақылау нүктелері арасындағы жоспарлау мен орын алмастырудың біршама жеңілдетті. Бүгін мен барлық бес пункт, Мемлекет басшысының бес үлкен тапсырмасы орындалды деп сеніммен айта аламын. АХҚО барлық органдары штаттық режимде жұмыс істеп тұр», — деп атап өтті АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов.

АХҚО басқарушысы Қ.Келімбетовтің айтуынша, 2017 жылы АХҚО ішінде арнайы агенттік — Қаржы қызметтерін реттеу комитеті құрылды. Ол АХҚО реттеуді,сонымен қатар, барлық қатысушыларын тіркеуді қамтамасыз ететін қаржылық реттеуші болып табылады. бүгінгі таңда 55 компания тіркелген. 2020 жылдың соңына дейін АХҚО 500 -ден астам компанияны тіркеуді көздеп отыр.«АХҚО тағы бір бағыты жекешелендіру болып табылады. Мемлекет басшысы Үкіметке және «Самұрық Қазына» қорына Биржа платформасында 5 ұлттық компанияны алғашқылары ретінде орналастыруды тапсырды. Олардың ішінде «Air Astana», «Қазақтелеком», «Қазатомөнеркәсіп» тәрізді компаниялар бар, — деді басқарушы Қ. Келімбетов.

2015 жылы желтоқсан айында ҚР Президенті Астана Халықаралық қаржы орталығын құру туралы Конституциялық заңға қол қойды.

АХҚО ресми ашылуы шетелдік мемлекеттердің басшылары, Нобель және Пулитцер сыйлықтарының лауреаттары, сонымен қатар халықаралық қаржы институттарының басшылары қатысатын 2018 ж. 3-5 шілде аралығындағы Astana Finance Days аясында өтеді. Әлемнің 40 елінен келген 150 астам спикер экономика, қаржы, экология және ақпараттық технологиялар салаларындағы сарапшылық білімдерімен және кәсіби шеберліктерімен бөліседі.

Astana Finance аясында Days AIFC Digital Exhibition цифрлық бастамалар көрмесі, сондай-ақ келесі форумдар мен конференциялар өтеді:

• Астана ислам экономикасы форумы;

• Жасыл өсім форумы / GEWR-2018;

• Жаһандық қаржы форумы;

• II Астана халықаралық капиталдар нарығы форумы;

• FinTech-2018;

• Еуразиялық экономикалық комиссия сессиялары;

• АХҚО құқықтық мәселелер жөніндегі конференциясы.

2017 жылы АХҚО биржасы тіркелгенін айта кету керек.«Биржа жұмыс істеуге әзір. Біз компаниялардың жекешелендірілуі қашан басталатынын күтіп отырмыз. Алдымен бірінші компания биылғы жылдың қыркүйек-қазан айларында шығады деп жоспарлап отырмыз», — деп нақтылады Қ. Келімбетов.

Басқарушының сөзінше, АХҚО посткеңестік кеңістіктегі көптеген қаржы орталықтарынан оның құрылымында халықаралық құқық стандарттары мен қағидаттары негізінде жұмыс істейтін Халықаралық қаржы соты мен Халықаралық арбитраж сотының болуымен ерекшеленеді.

«Ашылуына қарай барлық дайындық жұмыстары аяқталды. Бізде Конституцияға өзгерістер енгізілді, АХҚО 47 ішкі актісі әзірленді, олар барлық халықаралық орталықтардың ұсыныстары мен тәжірибелеріне сәйкес ең үздік құқықтық-реттеуші базаны жасайды. 1 қаңтардан бастап қаржы реттеуіші, АХҚО соты, халықаралық арбитраж орталығы тәрізді институттар өз жұмысын бастады, биржа жекешелендіруге толық әзір», — деді Қ. Келімбетов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.