Маусымда қазақстандықтардың орташа жалақысы қанша болғаны анықталды

0 10

Маусым айында қазақстандықтардың орташа айлық атаулы жалақысы 163 604 теңгені құрады, — деп жазды ҰЭМ статистика комитетіне.

Комитеттің ақпаратына сүйенсек, мамырда халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай кірісі 84 206 теңгені құраған. Бұл 2017 жылдың мамыр айына қарағанда 5,1%-ке жоғары. Аталған кезеңде нақты ақшалай кіріс 1,1%-ке төмендеді.

«Осы жылдың маусымында бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбекақысы 163 604 теңгені құрады», — делінген статистика комитетінің сайтында. 

Жұмыссыздар саны 434, 4 мың адамды құрап отыр. Жұмыссыздық деңгейі –4,8%. Ал жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту органдарында тіркелгендер саны өткен айдың соңында 149,5 мың адам болды.

Sputnik Қазақстан 

Leave A Reply

Your email address will not be published.