Қазақстанда жазғы демалысты қайда өткізген жөн? Қай демалыс орнын таңдасаңыз, өкінбейсіз? Бағасы қанша? Жаз мезгілі басталғалы осы сұрақтар көпшілікті мазалайтыны рас.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайға сапары кезінде бес жылға жоспарланған туризмді дамыту бағдарламасына қандай демалыс орындары кіргенін мәлімдеді.
Елбасының айтуынша, бірнеше курорт алдағы уақытта басты назарға алынады. Олардың ішінде: «Бурабай», Имантау көлі, Алакөл және Баянауыл, Каспий жағалауы, Алматы облысындағы демалыс орындары, Түркістан, Шарын каньоны және тағы басқалары бар.
Дереккөз: Sputniknews.kz