Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда тегін оқи алады

0 1

UNIST 2007 жылы әлемге әйгілі автомобиль (Hyundai Motor), кеме жасау (Hyundai Heavy Industries), мұнай-химия (SK Energy) концерндерінің фабрикалары топтастырылған Улсанс өнеркәсіптік астанасында жоғары білімге деген сұраныс негізінде құрылған. Университет Оңтүстік Кореяның техникалық бағытындағы үздік 10 үздік университеттер қатарында. Бұл туралы «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

UNIST құрамына 9 ғылыми-техникалық мектеп, бизнес-мектеп және жалпы ғылыми-зерттеу бөлімі (DGS) кіреді. Сонымен қатар, бірнеше мамандандырылған жоғары кәсіби мектептер мен ғылыми орталықтар бар. UNIST-та курстар 100% ағылшын тілінде оқытылады.

Грант келесіні қамтиды:

— тегін білім алу

— ай сайын стипендия

Бакалаврлар үшін $ 300, магистранттар үшін $ 750, докторанттарға $ 1000

— тегін медициналық сақтандыру

1 тамыздан бастап 2019 жылдың көктемгі-күзгі семестріне құжаттарды қабылдау ашылды.

Кандидаттар онлайн тәртібінде тіркеліп, құжаттарды пошта арқылы жіберу керек.

Онлайн тіркелу: 2018 жылдың 1 тамызынан 24 тамызына дейін

Құжаттарды қабылдау: 2018 жылдың 1 тамызынан 24 тамызына дейін (поштамен немесе үміткер өзі келіп тапсыру қажет)

Нәтижелер туралы хабарландыру: 4 желтоқсан 2018 жыл

Қажетті құжаттар:

  • Құжаттар тізімі
  • Өтініш беру
  • Алдыңғы білім туралы ақпарат
  • Өзіңіз және оқу жоспары туралы эссе
  • Ұсыныс хат (қол қойылған және мөрмен бекітілген)
  • Қаржылық ресурстар туралы есеп
  • Академиялық ақпараттарды растау туралы хат
  • Мектептің соңғы 3 жылдағы бағаларымен транскрипт (көшірме)
  • Орта білім туралы куәлік (көшірме)
  • TOEFL, IELTS, TEPS, TOEIC сертификаты (көшірме немесе түпнұсқа)
  • Кандидаттың паспортының көшірмесі (көшірмесі)
  • Ата-аналардың паспорттарының көшірмелері (көшірмесі)
  • Мүмкін болса, марапаттар мен сертификаттар (5-ке дейін) (көшірме)
  • ҰБТ сертификаты (бар болған жағдайда)
  • Ресми пәндік тестілеу сертификаттары: IB, SAT, AP, ACT, AICE және т.б.

*Барлық көшірмелер нотариалды расталуы тиіс. Құжаттарды нотариус ағылшын тіліне аудару керек. Өтінімдердің формалары, ұсыныс хаттар мен эсселерді http://adm-u.intl.unist.ac.kr/ сайтынан көшіріп алуға болады.

Барлық құжаттар мен құжаттар тізімін келесі мекен-жайға жіберуге болады:

UNIST Admissions Team

Room # 105 Main Administration Building (201)

50 UNIST-gil, Eonyang-eup, Ulju-gun, Ulsan 44919, Republic of Korea

Leave A Reply

Your email address will not be published.