Жайнамазды тепкен тараздық жаттықтырушы жұмыстан босатылды

0 1

Жайнамазды тепкен тараздық жаттықтырушы жұмыстан босатылды. Қазір оқиғаның мəн-жайы тексерілуде. Аталған жайға қатысты спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.

Бұған дейін инстаграм əлеуметтік желісіндегі @Taraz_life парақшасында намаз оқып жатқан баланы балағаттаған мұғалімнің видеосы тараған болатын. Осы мəселеге байланысты журналистердің сұрағына басқарма басшысы «Əлеуметтік желілері видеодағы оқиға бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, екі жақтан да түсініктеме алынып, жауапты азаматтар жазалатын болады» — деп жауап берді.

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша жұмыс жүргізіліп, футбол бөлімінің жаттықтырушысы 1966 жылы туылған Алмат Баетов Сейтнасимұлы екені анықталды. Ол 1985 жылдан бері тəжірибесі бар жоғарғы санатты жаттықтырушы. Облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатында 2011 жылдан бастап жұмыс атқаруда.

Жаттықтырушы А.Баетовтың іс-əрекеті педагогикалық тəрбиеге сай келмегендіктен жұмыстан босатылды. Сонымен қатар, діни көзқарас бойынша мәселелерге зерделеу жүргізілетін болады. Оқиға Тараз қаласындағы спорт кешенінде орын алған.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.