Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында 28 тамыз күні үйінен шығып кеткен 12 жасар жеткіншекті жақындары іздеу үстінде,- деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Ботабекова Жанета Жанатқызы 2006 жылы дүниеге келген. Үйден кетер алдында «Мен үйден кеттім іздемеңдер!» — деп хат қалдырып кеткен.
Бойы 150-155 см, арық, қара торы қыз. Соңғы рет үйден шыққанда үстіне қызғылт түсті футболка мен джинси шалбар киген.
Жеткіншекті көрген-білгендер болса, 8(7262) 99-72-50; 99-70-10; 8 705 737 10 84(Ағасы) немесе 102 номерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.