Таразда ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтуде (ФОТО)

0 15

Дәл қазіргі уақытта «Баласағұн» ОКЗ облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Ата заңы — Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Аталған іс-шараны Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов ашты. Ол өз сөзінде, Конституцияның мемлекет тәуелсіздігінің қалыптасуындағы тарихи маңызын атап өтіп, мереке аясында ашылған әлеуметтік нысандар қатарына тоқталып өтті.

Сондай-ақ, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Қ.Рүстембеков, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты П.И.Мамедова, «Дарын» мектеп-интеранатының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Б.Р.Дүйсенбаев атаулы мерекеге орай құттықтау сөздері мен жылы лебіздерін білдірді.

Шараға облыс әкімдігі және басқармаларының қызметкерлері, саяси партиялар, қоғамдық, этномәдени және жастар ұйымдарының өкілдері, мәдениет, білім және ғылым, өнер қайраткерлері, БАҚ өкілдері, т.б. қамтитын 1200 адам қатысуда.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.