Синоптиктер күн қашан жылынатынын айтты

0 4

Синоптиктер күн қашан жылынатынын айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Казгидрометке сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, қыркүйек айының ортасында еліміздің батысы мен оңтүстігінде басқа өңірлерден бұрын күн жылынады. Қазақстанның қалған аймағында бұл кезде ауа райы суық әрі жаңбырлы болмақ.

«Бірінші, екінші және үшінші он күндіктің соңында жылы ауа ағындарының келуіне байланысты ауа температурасы уақытша көтеріледі, әсіресе солтүстік өңірлерде күн жылынып, күндіз 15-23 градусқа дейін жылы болады», — дейді синоптик.

Астанаға келер болсақ, елордамызда қоңыр күз алғашқы қардан кейін бір-ақ шуағын төгеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.