Жамбыл ауданының спортшылары үздіктер қатарында

0 17

Жамбыл ауданының жас спортшылары үздіктер қатарында! Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Ұлы дала рухы» фистиваліне қатысып жамбылдық жеткіншектер жеңіспен оралды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Ұлы Дала рухы» фестивалінің ерекшелігі еліміздің барлық өңірін қамтиды. 4 шілде күні басталған фестивальға Жамбыл ауданының Бесағаш, Өрнек, Ерназар ауылдарынан жас спортшылар қатысып жүлделі 1-ші орынға ие болды.

— Алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылған «Ұлы Дала рухы»  фистивалі өтті. Финалға шығып, Жамбыл облысы командасы бірінші орынды жеңіп алдық. Бұған өте қуаныштымыз. Жеңісті күндеріміз көп болғай! — деді команда жетекшісі Еркебұлан Абдіров.

Жастар арасындағы фестиваль бәсекесіне республика бойынша 7073 спортшы қатысады. Ұлттық спорттың көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату түрінен өтетін жарыстар командалық тәртіпте жүргізілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.