Жамбыл ауданында ағылшын тілін тегін оқытатын орталық ашылды

0 2

Жамбыл ауданы, Қарасу ауылдық округінде ағылшын тілін тегін оқытатын орталық ашылды. Бұл «Нұр отан» партиясының бастамашыл «English for zhastar» жобасы аясында жүзеге асып отыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Елбасының үштілділікке қолдау көрсету саясатын іске асыру мақсатында Аса, Қарасу ауылдарында мектеп оқушылары мен ауыл жастарына ағылшын тілін үйрететін орталық өз жұмысын бастады.

Аз уақыттың ішінде бұл орталықта 95 бала 4 кезеңмен ағылшын тілін үйреніп жатыр. Ашылу салтанатында оқушылар сұрақтарға емін-еркін ағылшын тілінде жауап беріп, «Күлшеқыз» ертегісінен көрініс қойды. Алдағы уақытта бұл орталыққа шет елден ерікті жастарды шақырып тәжірибе алмастыру жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.