«Жеңіс» саябағында поллиативті көмек күніне орай акция өтті

0 15

Тараз қаласындағы «Жеңіс» саябағында бүкіләлемдік хоспис және паллиативті көмек күніне орай «Қызғылт бау» акциясы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Шара «Амазонка» қатерлі ісік науқастарын қолдау қорының»  қолдауымен онкологиялық ауруға шалдығу мен өлімнің көбеюі мәселесіне қоғамның барлық мүшелерін тарту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Іс- шара барысында қала тұрғындарымен паллиативтік көмектің дағдылары жөнінде түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді(қордың қызметкерлері үлестірмелі материалдар таратты).

Қоғамдық қор Тараз қаласында 7 жылдан бері іс-шаралар өткізіп және онкологиялық ауруы бар азаматтармен жұмыс жасайды. Онкологиялық аурудан қайтыс болу — Қазақстанда өлімнің себепшілерінің ішінде 2- ші орынды алады.

Жамбыл облысында обыр ауруынан 1000- ға жуық адам қайтыс болады. Бұл дегеніміз осы адамдардың барлығына хопистік және паллиативтік көмек қажет етіледі деген сөз. Сондықтан адамдарға стационарлық хоспис пен паллиативтік көмек түрлері қажет етіледі.

Шарада қатысушылар осы күннің рәмізіне айналған — «Үміт ағашына» қызғылт бау байлап, ауыр дертке шалдыққан өз туыс- жақындарыңызға саулық тілеп, қауіпті сырқаттың кесірінен өмірден мезгілсіз кеткен жақындарын еске алды. Қайырылымдық акцияда ем қонбайтын науқастарға қол ұшын созам деген жаны жайсаң, жомарт жандар арнаулы жәшіктерге қаржылай көмек көрсетіп жатты.

Іс- шара барысында қала тұрғындарымен паллиативтік көмектің дағдылары жөнінде түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді(қордың қызметкерлері үлестірмелі материалдар таратты).

Айта кетейік, хоспис және паллиативті көмектің бүкіләлемдік күні жыл сайын қазанның 2-сенбісінде аталып өтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.