Жамбыл облысында 40 килограмм есірткі заты тәркіленді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2018 жылдың 13 қазанында Меркі және Т.Рысқұлов аудандары аралық Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімдері мен Меркі АІІБ Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен «Көкнәр-2018» жедел іздестіру іс-шарасы барысында Меркі ауданынан бұрын ҚР ҚК 259-бабы бойынша сотты болған 57 жастағы Тараз қаласының және 24 жастағы Шу қаласының тұрғындары ұсталды.
Оқиға орнын қарау барысында екі полипропилен қабына қапталған жалпы салмағы 40 кг аса «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленген.
Нәтижесінде күдіктілер кінәсін толық мойындап, Меркі АІІБ-ның уақытша қамақта ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қазіргі таңда ҚР ҚҚ 296-бабы 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.