Тараз қалалық Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының XXV есеп беру-сайлау конференциясы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жиынға «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының төрағасы, Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов, конференция делегаттары және партия ардагерлері қатысты.
Конференция қатысушылар Елбасының ағымдағы жылдың 5 қазанындағы Қазақстан халқына жолдауынан туатын міндеттер туралы және «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы Саяси кеңесінің 2016 жылдың қарашасы мен 2018 жылдың қазан айы аралығындағы атқарылған жұмысы жайлы есеп берді.
Сондай-ақ, Қ.Рысқұлбеков атындағы және «Жеңіс» саябақтарына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша аталған нысандарды қала күніне қарсы берілетін болады. Тәуелсіздік жылдарында Тараз қаласында екі бірдей мөлтек аудан — «Астана» мен «Бәйтерек» бой көтерді. Бүгінгі күні 462 га жер телімі бөлініп, 14 және 15 мөлтек аудандары салынуда.
Сонымен қатар, бұрынғы «Шахристан» базарының орнында, жобалық құны 1,4 млрд. теңге болатын «Көне Тараз шеберлері» қолөнершілер қалашығының құрылысы басталды.
Ал, қалалық филиалдағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындар тарапынан 2017 жылы 644 арыз-шағым мен өтініш қаралып, 535 мәселелер оң шешімін тапты. Ал, биылғы жылдың тоғыз айында 433 арыз-шағым мен ұсыныстар қаралып, 333-і оң шешілді. Оның ішінде, жұмысқа орналасу бойынша 83 өтініш қаралып, 60 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді, оның 4-і мүмкіндігі шектеулі азаматтар.
Қоғам назарын өзіне ерекше аударып отырған бұл ауқымды партиялық бастамаларды жүзеге асыруда партия Тараз қалалық филиалымен нақты әрі, нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Оның дәлелі, қазірдің өзінде партиялық жобалар аясында Тараз қаласында ақысыз негізде 4 коворкинг орталығы, 2 ІТ сынып және 1 ІТ орталық ашылып отыр.
Бұған қоса, жиында «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесінің атқарған жұмысы туралы есебі және т.б мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.