Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде халықаралық конференция өтуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ғылыми-тәжірибиелік сипатқа ие жиын «Заманауи білім: әдіснама, теория мен тәжірибие» тақырыбында өтті.
Білім саласының басым бағыттарын саралап, шет елдік және отандық мамандардың тәжірибие алмасуын көздеген шараға Республикамыздың беделді жоғары оқу орындарының мамандарынан бөлек шет елдік профессорлар қатысты.
Олардың қатарында АҚШ, Ресей, Беларусь, Латвия, Англия, Чехия, Германия және өзге де мемлекет өкілдері бар.
Ағымдағы жылдың 26-27 қазан күндеріне жоспарланған жобаға ғылыми-практикалық конференцияның жинағына алдын-ала мақала жіберген қатысушылар іріктелген. Олар өз жұмыстарында қазіргі білім саласына үлес қосудың тың жолдарын ойластырып, баршаның мүддесін қамтамасыз ететін пікірлерін алдыға тартады.
Ал, 100-ге тарта топтастырылған мақала қатысушылардан бөлек жобаға қызығушылық танытқан кәсіби, қосымша білім беру саласының мамандарына, магистранттар, аспиранттар мен докторанттарға және конференция мазмұнына қызығушылық білдірген тұлғаларға қолжетімді.
Шараны ТарМПУ-дың оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Сәуле Әлімбаева ашты.
Сондай-ақ, жаңа дәуірдің оқу бағытын саралаған жиында білім бағдарламасын қайта құрып, тың әдістердің енуін қамтамасыз ету, сондай-ақ, заман талабына сай педагог мамандарды оқытып, тәрбиелеп шығарудың маңызы алдыға тартылды.
Ал, Германиядан келген Ph.D доктор Томас Готфрик «Еуропадағы CLIL-сабақтарының тарихы, мінездемесі және проблемалары — теория және тәжірибе туралы кейбір негізгі идеялар» тақырыбын қозғады. Ол «CLIL — тек жаңа бөтелкедегі ескі шарап» деген пікірді қалыптастырды.
Оның баяндамасына сенсек елімізде қазір құрастылып жатқан тың оқу бағдарламасы батыс мемлекеттерінде қабылданып, іске асырылып жатқан білім жүйесінің өңдеуден өткен жаңа нұсқасы.
Бұдан бөлек спикерлер қатарында Вильдау қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры Питер Ендерс, АҚШ-тағы Евергрин мемлекеттік колледжінің PhD докторы Нэнси Коппелман және т.б. Шараны жоғыры деңгейде ұйымдастырып, жүргізген модераторлар қатарында: к.ф.н., доценті Есенова Нарима Бөрібайқызы, х.ғ.к., доценті Асылжан Мажибаев, PhD доктор Раушан Таубаева болды.